|RU| |KZ| |EN|

№4 (90) СӘУІР 2009 жыл

                                                                                    АРДАҚТЫ ӘРІПТЕСТЕР!
                                                                    ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕР!

  Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
“Бірлік бар жерде – тірлік бар” демекші, бұл  мейрам  біздің  көп ұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, бейбітшілік пен достығының символына айналып отыр.
Көгілдір туы желбіреген Тәуелсіз Қазақстанымыздың барлық   табыстары мен жетістіктері – біздің баршамыздың ынтымақ-бірлігіміздің жетістіктері. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Дағдарыстан – жаңару мен  дамуға” атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, бір шаңырақтың астында жұмыла еңбек етіп жатқан Республикамыздағы жоғары техникалық оқу орындарының көшбасшыларының бірі атанған Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ұжымында да сан-алуан ұлттың өкілдері өзара түсіністікпен, сыйластықпен еңбек етуде. Соның нәтижесінде студент жастарымыздың оқуда, өнерде де, спортта да қол жеткен табыстары мақтан тұтарлықтай.
Баршаңызға зор денсаулық пен бақыт, еңбекте табыс, өзара достық қарым-қатынас, болашаққа деген нық сенім тілеймін!
                                                                                                                                                                Ізгі тілекпен, ректор  Ж.ӘДІЛОВ.
   


                                                VI МЕЖДУНАРОДНЫЙ МОЛОДЕЖНЫЙ НЕФТЕГАЗОВЫЙ ФОРУМ

      Молодые, талантливые люди способны внести весомый вклад в развитие и процветание страны. Эту теорию из года в год подтверждают наши талантливые студенты. Так, в апреле текущего года в конференц-зале Нефтяного корпуса КазНТУ им.К.И.Сатпаева состоялся ежегодный VI Международный молодежный нефтегазовый форум, организаторами которого выступили Студенческое отделение Общества инженеров-нефтяников КазНТУ, при поддержки руководство вуза. Данный форум посвящен 75-летнему юбилею КазНТУ. 

 Подробнее...


                                                         ҰЛЫ ҒАЛЫМНЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫ ҚҰРМЕТІНЕ 

      Жылдағы дәстүр бойынша жақында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде ғұлама ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне Қ.И.Сәтбаевтың жақын туыстары, замандастары мен шәкірттері құрметті қонақ ретінде қатысты. Атап айтсақ: ғалымның күйеу балалары, елімізге танымал ғалымдар – Оразай Батырбеков пен Толыбай Әлжанов, немере інілері – белгілі ғалым- геолог, халықаралық “Сәтбаев қорының” президенті Әлішер Ғаламтайұлы Сәтбаев, инженер-геолог Ғабдулғани Сәтбаев, Қ.И.Сәтбаевтың немерелері – белгілі ғалымдар Нұрлан және Әлима Жармағанбетовалар. ҚР ҰҒА-ның академиктері – Аманжол Қошанов, Едіге Түркебаев, Мұхтар Бәкенов, Баян Рақышев, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Болат Саятұлы Ағыбаев және аудандық “Нұр Отан” партиясы бөлімшесі атынан уәкілдер қатысты. 

Толығырақ...