Архивы за месяц Декабрь, 2013

ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік мерекесі – асыл армандар орындалып, ғасырлар бойы аңсаған егемендікке қол жеткен күн. Бұл күн – Отанымыздың әрбір аза-маты үшін қастерлі де қасиетті. Аталмыш ме-рекені терең сезіммен сезіне отырып, тамырытерең тарихымызға, ата-баба рухына, алдыңғыбуынның қаһармандығы мен ерлігіне басымызды иіп, Отанымызға деген сүйіспеншілікті оданәрі арттыра түспекпіз. Ата-бабамыздың алдында Отанды қорғап, тәуелсіздік үшін күресу міндеті […]

Н.Ə.НАЗАРБАЕВ: «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!»

Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рух- ты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады,» — деген еді. Елбасының «Мен жастарға сене- мін!» […]

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! ƏРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР!

Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздігіміздің 22 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздікке қол жеткізу – іргесі қаланған әрбір мемлекеттің арманы. Біздің ата-бабамыз осы жолда жан аямай күресіп өтті, осы тәтті жеңісті, бейбіт өмірді біздерге сыйлады. Міне, ғасырлар бойы армандаған асыл арман орындалып, бүгінде абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан егеменді […]

Үміттің жібін үзбегін

Әр күнім бірге атыпты, Таңдарым көз ілмеген. Түстерім тым бақытты, Бір болған өзіңменен. Жаным-ау, сенен күткен, Үміттің жібін үзбе. Кезігіп тұрсақ екен, Әр күні түсімізде. Айта алмай жан сырымды, Әр күндер мазалы өтем. Арнатқан ән-жырымды Ғашықтық азабы екен.

ҒАЛЫМҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 110 жылдығына орай – 8 сәуір күні Гуманитарлық ғылымдар кітапханасында ректоратттың қолдауымен, Геологиялық барлау институтының ұйымдастыруымен «Сәтбаев оқулары» тақырыбында конференция болып өтті. Іс-шараны институт директоры, профессор Мұрат Өмірсеріков алғысөзбен ашты.

ҚЫЗЫҚТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

Сәуір айының 23-24 күндері Ә. Бүркітбаев атындағы Металлургия және полиграфия институтының «Полиграфия өндірісінің машиналары және технологиясы» кафедрасында ҚазҰТУ-дың 75 жылдығы қарсаңында «Полиграфияның заманауи ғылыми мәселелері» атты студенттердің ғылыми-тәжірбиелік конференциясы болып өтті. Университетіміздің Мұнай-газ ғимаратының мәжіліс залында бастау алған конференцияны кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор М.Ә.Асаубеков ашып, алғашқы құттықтау сөзді институт директоры, техника ғылымдарының кандидаты, […]

БАРШАҒА ОРТАҚ ТОРҚАЛЫ ТОЙ

Білімнің аяулы алтын ордасы, ардақты әкедей болған университетім! Осындай торқалы мерейлі той алдында өзіңе деген ыстық ықылас пен ізгі ниетті бір-екі ауыз сөзбен жеткізуді жөн көрдім. Міне, сен де самайын күміс шалған, әр әжімінің тарихы тереңге бойлаған жасқа жеттің. Егер жастың бойындағы ізгілік білімділікпен, біліктілікпен, тәрбиелілікпен өлшенеді десек, осының бәрі сенің қабырғаңда қаланып жатыр. Ұлттың […]