ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! ƏРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР!

Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздігіміздің 22 жылдық
мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздікке қол жеткізу – іргесі қаланған әрбір мемлекеттің арманы. Біздің
ата-бабамыз осы жолда жан аямай күресіп өтті, осы тәтті жеңісті, бейбіт
өмірді біздерге сыйлады. Міне, ғасырлар бойы армандаған асыл арман орындалып,
бүгінде абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан
егеменді ел болдық. Тәуелсіз еліміз әлемдегі дамыған мемлекеттермен терезесін
теңестіріп келеді. Қазіргі таңда ашық аспан астында бейбіт күн кешіп жатқан
Сіздер мен біздер, әрине, бақыттымыз. Бұл ата-бабамыздың батырлығының,
қайсарлығының, өз еліне деген патриоттық сезімінің мықтылығының арқасы.
Сонымен қатар, еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы
саясатының, көрегендігінің арқасы екенін білеміз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болғай! Аспанымыз ашық болып, көк байрағымыз
көгімізде самғай берсін!
Келе жатқан 2014 жыл барлықтарыңызға құт-береке алып келсін дегім келеді.
Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, табыс тілеймін! Еліміздің, білім ордамыз
ҚазҰТУ-дың абыройын асқақтатар тәрбиелі де білімді жастарымыз көбейе бер-
сін!
Ізгі тілекпен,
ректор Ж.ӘДІЛОВ

, .

Комментарий қалдырыңыз