ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Тәуелсіздік күніне орай

Тәуелсіздік мерекесі – асыл армандар орындалып, ғасырлар бойы аңсаған егемендікке қол жеткен күн. Бұл күн – Отанымыздың әрбір аза-маты үшін қастерлі де қасиетті. Аталмыш ме-рекені терең сезіммен сезіне отырып, тамырытерең тарихымызға, ата-баба рухына, алдыңғыбуынның қаһармандығы мен ерлігіне басымызды иіп, Отанымызға деген сүйіспеншілікті оданәрі арттыра түспекпіз. Ата-бабамыздың алдында Отанды қорғап, тәуелсіздік үшін күресу міндеті тұрса, біздердің алдымызда оны нығайтып, егемен еліміздің болашағын жарқын ету міндеті тұр.Университетімізде еліміздің ұлы мерекесі Тәуелсіздік күніне орай университет ректоры  Жексенбек Әділовтің студенттермен дәстүрлі кездесуі болды.

Университет проректорлары, институт директорлары, сондай-ақ, белсенді 150 студент қатысқан жиын басында сөз алған Жексенбек Әділов жиылған қауымды қазақ құттықтады. Еліміздегі білім, ғылым мәселесіне тоқталған ректор студенттерді сапалы білім алып, алдағы сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар Ж.Әділов студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныс, тілектерін тыңдады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 22 жылдығына байланысты университетіміздің Акт залында үлкен жиын өтті. Онда университет ректоры, академик Ж.М.Әділов ҚазҰТУ-дың барша ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, зор табыстар тіледі.

Эльмира ОРАЛБАЕВА

, .

1 комментарий ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСУ”

  1. Барин билгим келеди:

    Кандай сурактар койылды екен? Жане калай жауап берилди? Неге соларды толыгырак жазбайсыздар?


Комментарий қалдырыңыз