Редакция құрамы

ӘБДІХАЛЫҚ Марат Сәрсенұлы
Баспасөз қызметінің бастығы,
университеттің «РАС» газетінің Бас редакторы,
Телефон: 8(727) 292-67-03,ішкі тел: 73-23.

Танымал журналист және публицист. 1980 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, 1989 жылдан Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.
Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, аға тілші, меншікті тілші болып, барлық сатылардан өткен. 1984-1994 жылдары он жыл өнеркәсіп, құрылыс және транспорт бөлімінің меңгерушісі. «Жетісу» газетінде Қазақстан Журналистер Одағы бастауыш ұйымының хатшысы, редакция кәсіподақ комитетінің төрағасы, қабырға газетінің редакторы, Алматы облыстық партия комитеті жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Алматы облыстық халықтық бақылау комитетінің штаттан тыс инспекторы болған.
1994 жылы Алматы облыстық әкімдігіне қызметке шақырылған. Мемлекеттік қызметші қатарында оның жетекші бөлімі – Ұйымдық-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінде инспектор қызметін атқарған. Кадр мәселелері жөніндегі бекітілген екі үлкен селолық ауданның кураторы. Республикамыздағы заң мәселесін терең қамтып жазу мақсатында тұңғыш ашылған республикалық басылым – «Заң газетін» алғашқы ұйымдастырушылардың және шығарушылардың бірі. Оның жетекші «Мемлекеттік құқық» бөлімінің редакторы, газеттің Бас редакторының орынбасары әрі жауапты хатшысы міндеттерін атқарған.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қол жеткізген табыстарын республикалық және жергілікті мерзімді басылымдарда, радио мен телевизияда насихаттау, оның имиджін көтеру жолында М.С.Әбдіхалық университеттің Баспасөз қызметінің басшысы әрі «РАС» газетінің Бас редакторы ретінде көп еңбек сіңіріп келеді.
М.С.Әбдіхалықтың басшылығымен және редакциялауымен 10-нан астам кітап жарық көрді. Творчестволық еңбектері төмендегідей жинақтарға енген. Олар: «Халық емшілері» (Алматы, 1992), «Қазақтың халық медицинасы» (қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде, Алматы, 2000), «Жетісудың» Жылқайдарұлы» (Алматы, 2003), «Қос ішек» (Алматы, 2004), «Есімі естен кетпес ерлердің» (Алматы, 2005), «Өмір естеліктері» (Алматы, 2006), «Әдемісің сен, әлем! Как прекрасен этот мир!» (Алматы, 2007) т.б.
Музыкалық білімі болмаса да Әбдіхалық Марат Сәрсенұлының ән жазатын дарындылық қасиеті бар. Кейбір әндерінің сөзін өзі жазады. Бүгінге дейін оның он бестей әні бар.
Қазақстан халықшаруашылығы жетістіктерін БАҚ құралдарында жүйелі де, жете зерттеп жазған материалдары үшін КСРО халықшаруашылығы жетістіктері көрмесінің арнайы қола медалімен, «РАС» газетінің сапалық деңгейі мен мазмұнын арттыруға, көркемдік безендірілуін жақсартуға сіңірген елеулі еңбегі, журналистік шеберлігі мен шығармашылық жұмыстары үшін 2005 жылы университеттің «Айрықша еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Халықтық бақылау комитетінің, облыстық комсомол комитетінің Құрмет грамоталарын алған.


Фототілші: Д.Р.ТАИРОВ Таралымы 2000 дана. Көлемі 2 б.т. Тапсырыс- №1247


МЕКЕН ЖАЙЫ: 480013. Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22 үй. Мұнай ғимараты, 904 бөлме. Тел.: 292-67-03, 257-71-19. Ішкі тел.: 73-23: Факс: 292-67-03.


Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 1359-Г куәлігімен тіркелген.


*Жарияланған мақаладағы автор пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді *Редакцияға түскен қолжазба қайтарылмайды, үш компьютерлік беттен асатын материалдар қабылданбайды. *»Рас»газетіне жарияланған мақала көшіріліп басылса, сілтеме жасалуы міндетті.


Газет «Бизнес-Информ» баспаханасында басылды. Мекен жайы:Алматы қ., Төле би көш., 108. Тел.:93-09-09