ҒАЛЫМҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 110 жылдығына орай – 8 сәуір күні Гуманитарлық ғылымдар кітапханасында ректоратттың қолдауымен, Геологиялық барлау институтының ұйымдастыруымен «Сәтбаев оқулары» тақырыбында конференция болып өтті. Іс-шараны институт директоры, профессор Мұрат Өмірсеріков алғысөзбен ашты.

Толығырақ »

ҚЫЗЫҚТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

Сәуір айының 23-24 күндері Ә. Бүркітбаев атындағы Металлургия және полиграфия институтының «Полиграфия өндірісінің машиналары және технологиясы» кафедрасында ҚазҰТУ-дың 75 жылдығы қарсаңында «Полиграфияның заманауи ғылыми мәселелері» атты студенттердің ғылыми-тәжірбиелік конференциясы болып өтті. Университетіміздің Мұнай-газ ғимаратының мәжіліс залында бастау алған конференцияны кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор М.Ә.Асаубеков ашып, алғашқы құттықтау сөзді институт директоры, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰИА академигі Б.С.Баимбетовке берді. Ол жиналған қауымды конференцияның басталуымен құттықтап, қатысушыларға табыстар тіледі. Толығырақ »

БАРШАҒА ОРТАҚ ТОРҚАЛЫ ТОЙ

Білімнің аяулы алтын ордасы, ардақты әкедей болған университетім! Осындай торқалы мерейлі той алдында өзіңе деген ыстық ықылас пен ізгі ниетті бір-екі ауыз сөзбен жеткізуді жөн көрдім. Міне, сен де самайын күміс шалған, әр әжімінің тарихы тереңге бойлаған жасқа жеттің. Егер жастың бойындағы ізгілік білімділікпен, біліктілікпен, тәрбиелілікпен өлшенеді десек, осының бәрі сенің қабырғаңда қаланып жатыр. Ұлттың ертеңі — техника мен ғылым саласындағы жас мамандарға білім беруде, тәрбиелеуде әрқашан алда келе жатқан техникалық білімнің қара шаңырағы, алтын ордам – университетім саған не тілек тілесек те, қалай мақтасақ та, қалай мақтансақ та жарасады. Атына сай дәстүрі бар, ұлыңды – ұяға, қызыңды – қияға қондырған ел ағасы іспеттісің. «Мектеп атымен емес, шәкірттерімен даңқты» десек, еліңе даңқты инженерлер ғана дайындап қоймай, сонымен қатар ұл-қыздарыңның басқа қасиеттерін де аша білдің. Сенен ұшқан маман-түлектер арасынан ғарышты зерттеген ғалымның да, елді аузына қаратқан ел басқарушының да, әйгілі жазушының да, жезтаңдай әншінің де, қаламы жүйрік журналистің де шығуы осыған айғақ. «Архитектура» және «Энергетика» сияқты “төл перзенттеріңді» қолыңа қайта қондырып, өз алдына отау тігіп, еншісін бөліп бергеніңді кім «құп» демес?! Толығырақ »

«РАС» газеті — ҚазҰТУ АЙНАСЫ

“Газет – өмір айнасы” демекші, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде ай сайын жарық көріп келе жатқан “РАС” газеті университеттің күнделікті тыныс-тіршілігінен көптеген мағлұматтар беріп отыратын басылым.
“РАС” газеті – студент жастарымыздың руханият, адамгершілік, алға ұмтылу бағытында жақсы атаулыға, рухани, адамгершілік жағынан инабатты, парасатты, үлкенге – ілтипатты, кішіге – қамқор, өнегелі, тәрбиелі, оқуда озат болуына, ғылым мен білім жолында талмай ізденуіне үндеп отырады. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі жөнінде де мақалалар жарық көріп тұрады.
“РАС” газеті 2000 жылдың қазан айынан шығады. Таралымы 2000 дана. Көлемі 2 баспа табақ, 8-12 бет, түрлі-түсті офсеттік басылымдарда, қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде шығады. Газеттің негізгі бағыт-бағдары – студент жастарды оқу-білімге, оларды өз Отанын, халқын, тілін, әдебиеті мен мәдениетін сүюге баулу.
Редакция газеттің әр нөмірінде мақала, сұхбат ақпарат, әр-алуан хабарлар арқылы университет тыныс-тіршілігімен, әлеуметтік жағдайымен, мәдени өмірімен, ғалымдар мен студенттердің республика ауқымында, тіптен шет елдерде болып жататын ғылым мен білім саласындағы әр алуан тақырыптарда өтетін конференциялар мен конкурстарда қол жеткен табыстарын көпшілікке насихаттаумен келеді.
Газет бетінде университеттегі оқу-тәрбие жұмыстарының барысы, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық өмірі, жатақхана жағдайы, олардың мәдени тыныс-тіршілігі, өнердегі, спорттағы қол жеткен табыстары да назардан тыс қалмайды.
ҚазҰТУ-дың айнасына айналған “РАС” газеті алғашқы жылдардағыдай емес, көркемдік безендірілуі де, ондағы жарияланып жүрген материалдары да өзінің құндылығымен, мазмұндылығымен айшықтала түсуде. Оған осында қызмет істейтін қаламы жүйрік журналистер, газеттің Бас редакторы Марат Сәрсенұлы Әбдіхалықтың, жауапты хатшы Нұртан Төлепбергенұлының, тілшілер Розза Раштайқызы Бәркібаеваның, Бану Тоқсейітқызы Шалова мен Динара Бауыржанқызы Арынбаеваның, газет беттеуші Мәрия Мәуленованың, фототілші Дамир Тайыровтың шығармашылық үлестері өте зор.